Список статей
«ЖНС» « Көктем аруы 2018» байқауы өтті.

Қыз балалардың жан дүниесіндегі

көркемдігін, талғамын, шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында «ЖНС» өнерлі ,

инабатты қыздарымызға арналған « Көктем аруы» байқауы өтті. Төрт кезеңнен

тұрған байқауға 7 ару қыздарымыз қатысты. Бірінші кезең «Сәлем-сөздің

атасы»-деп аталды, әр ару өздерін таныстырды.Екінші кезеңде «Өнерлі өрге жүзер», әр ару өз өнерлерін

көрсеттді. (Барлық өнер түрлері жатады, оның ішінде ән, би, мәнерлеп оқу немесе

қолөнерлер).Үшінші кезең «Кім жылдам?» - деп аталды (5 мин)

(Әр қайсысы өздерінің шеберліктерін,

икемділіктерін көрсетті).

а)Араластырылған екі түрлі дән- дақылдарды

ажырату.

б)1 мин ішінде инежіпке бисер өткізу (кім көп

тізіп шығады).

Төртінші кезең «Зерделінің

ойы озық» (ситуациялық сұрақ). Балалар сұрақтарға тез және наақты жауап бере

алды. Ал

бесінші кезең «Дефиле». Ақылына  көркі

сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін , білімі мен парасатын  тамашалай отырып байқау қорытындысын әділқазылар шығарды.

Байқау

қорытындысы бойынша «Көктем аруы» бас жүлдегеріне Токтасынова Диляра ие болды.

Басқа байқау қатысушылары номинация бойынша марапатталды. Байқау соңында

қатысушыларға сыйлықтар табысталды .

 

Прикреплённые файлы:20180407_113244.jpg
Автор: Бимагамбетова К.Б.
Просмотров: 101
Дата создания: 30 Апреля 2018 г.
Дата редактирования: 30 Апреля 2018 г.
www.egov.kz
Опрос